TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[tegin] тегін
Қаған әулетінің ұлдары, тақ мұрагерлері. Көне түрікше teg+in > «текті ұрпақ, тегі мықты адам» деген сөз. Қаған тағына әулеттің ішінен ең мықты тұңғыш ұлы /oγul/ немесе іні туыстары /ini, jigen, čїqan / отырған. Көне түрік бітіктастарда Kültegin> Күлтегін, Yoluγtegin > Йолұғтегін, Ozmïš tegin > Озмыш тегін, El Čur tegin > Ел чұр тегін, Toŋra tegin > Тонра тегін деп кездеседі. Бұл тегіндердің барлығы қаған әулетінен. Тегіндер қағанның заңды мұрагері ретінде йабғұ, шадтармен бірге жорыққа қатысу, әскери-саяси әрекеттерге тікелей араласу және т.б. істерді атқарған. Көне моңғол тілінде čigin > чигин //жигин тұлғасында сақталынған, Börü+tegin > Böritіgin > Boržiγin Бөрітегін > Боржығын /Боржигин/ деп кездеседі. Шыңғыс қағанның арғы аталарының аты да тегіндермен байланысты аталған.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
14
Күлтегіннің: алтынының: күмісінің: жібегінің: барлығының төр...мал қарасын: жоқтауым: тұяғы (жылқысы): ...бұ...бегім: тегін: жоғары: Тәңірі: ... тас: бітікледім: Йоллығтегін:...