Қаған әулетінің ұлдары, тақ мұрагерлері. Көне түрікше teg+in > «текті ұрпақ, тегі мықты адам» деген сөз. Қаған тағына әулеттің ішінен ең мықты тұңғыш ұлы /oγul/ немесе іні туыстары /ini, jigen, čїqan / отырған. Көне түрік бітіктастарда Kültegin> Күлтегін, Yoluγtegin > Йолұғтегін, Ozmïš tegin > Озмыш тегін, El Čur tegin > Ел чұр тегін, Toŋra tegin > Тонра тегін деп кездеседі. Бұл тегіндердің барлығы қаған әулетінен. Тегіндер қағанның заңды мұрагері ретінде йабғұ, шадтармен бірге жорыққа қатысу, әскери-саяси әрекеттерге тікелей араласу және т.б. істерді атқарған. Көне моңғол тілінде čigin > чигин //жигин тұлғасында сақталынған, Börü+tegin > Böritіgin > Boržiγin Бөрітегін > Боржығын /Боржигин/ деп кездеседі. Шыңғыс қағанның арғы аталарының аты да тегіндермен байланысты аталған. |