Естемі қаған (?-557). Қағандық атағы: Естемі қаған. Туған жылы: ?. Билік құрған жылдары: 552-557 (5 жыл). Әкесінің аты: Тұбұ (лауазымы: Ұлық йабғұ). Өз аты белгісіз: ?. Бұмын қағанның туған інісі. Күлтегін, Білге қаған бітіктасы мәтінінде «Естемі қаған» деп жазылған. Бұмыннан кейін Түрік Елінің қаған тағына отырған. Византия деректерінде Естемі қаған алтынмен көмкерілген ақ ордасында сол елдің елшіліктерін қабылдаған деп кездеседі. |