TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[ülüi : yïl] үлүй йыл
Ұлу жылы. Ecкіше жыл аты, мүшел есептің бесінші жылы. Әрбір жыл хайуан атымен тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталады.
Он екi жылдық санақ бойынша ... 631, 643, 655, 667, 679, 691, 703, 716, 728, 740, 752, 764 ... жылдар ұлу жылына сәйкес келеді. Ел Етміш Йабғұ бітіктасының 12 жолындағы ülüi: yïlqa: jetinč ay - ұлу: жылғы: жетiншi ай дегенiмiз 682-716 жылдар аралығында болу керек деп ойлаймыз. Елтерiс қаған 682-691 жылдары, Қапаған қаған 691-716 жылдары билiк құрғаны жайындағы деректерiне жүгiнсек онда Ел Етміш Йабғұ бітіктасы 682-716 аралығында қашалған болып шығады. Дәлiрек айтқанда бұл 703 жылы деуге болады.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
13
Атачымға: бiтiг: тасын: [Бiтiг/ле/дiм(жаздым)]: мәңгi(лiк): [қағаны]м: Атачым: Бiлге: Атачым: ұлу: жылғы: бiлге(бiлiктi): ұлық алып ер: игi хан: Атачым: өлдi: