қазрусeng
:
:
 
[šad] шад
Көне түрік тілінде šad // čad > шад //чад. Зерттеушілер соғды тілінің мағынасы белгісіз xsyd> деген сөзден туындаған дейді. Бұл сөз көне түрік, моңғол тілдеріндегі šat-// šit-// - түбірлі «1. саты, жоғары өрлеу, биік, дәреже, 2. көмекші, жақын сенімді » деген сөздерімен байланысты. Моңғол тілінде «šidar> шадар» уәзір, көмекші деген тұлғасында сақталынған. Демек шад деген қағаннан кейінгі үшінші жоғары билік иесі, қаған, йабғұдың ең жақын көмекші нөкерлері болады. Білге қаған бітіктасында : «törüt: yegirmi: yašïmqa: Tarduš:budun: öze:šad olurtum:; inim Kültegin eki šad: birle: sözlešdimiz – 14 жасымда тардұш қанатына шад болып билік еттім, інім Күлтегінмен бірге екі шад сөзге бекістік» дегенге қарағанда Білге, Күлтегін екеуі де шад болғандығы аңғарылады.
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
15