TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[ordu] ордұ
Орды //орда. Қағанның жайлау, күзеудегі ақ ордалық көп қанатты киіз үйлері. Қағанның ақ боз үйі арбаға жегіліп орнатылады. Кейбір деректерде қағанның үйі алтыннан көмкерілген киіз үй болды деп кездеседі. Ордұ құру кезінде қағанның ақ боз үйінің сыртында дөңгелене қоршаған 3 үй (тегіндер, қатұндар, жеке ішкі бөрүлер) қонады. Одан кейінгі біршама алыс шеңберлерде әскери қолбасшылары йабғұ, шад, апа тархан және сыртқы бөрү қорғаушыларының 9 үйі тігіледі. Киіз үйлердің аралығы сырттан қарағанда өзара тұтас іспетті жалғасқан нығыз болып көрінеді. Осы шеңбердің сырт бойында қағанның қол астындағы негізгі түмендік, көрүг елшілері, қарауылшылары қоныстанады. Ордұның осындай құрылымы Балыққа жетіп орныққанша сақталады. Алысқа жорыққа аттанғанда Ордұ құрамы бірге ілеседі, ол соғыс майданына жақын жерде қоныстанады. Көне моңғол : ordun> ordu > орд (орда, сарай).
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Or. 8212 (161) "Ырық бітік" қолжазба кітабы
28
Хан отырып орда жасады, елі тұрды. Төрт бұрыштағы игісі (теріліп) жиналып қуанып шаттанды дер. Сонша біліңдер! Игі ол!