Орды //орда. Қағанның жайлау, күзеудегі ақ ордалық көп қанатты киіз үйлері. Қағанның ақ боз үйі арбаға жегіліп орнатылады. Кейбір деректерде қағанның үйі алтыннан көмкерілген киіз үй болды деп кездеседі. Ордұ құру кезінде қағанның ақ боз үйінің сыртында дөңгелене қоршаған 3 үй (тегіндер, қатұндар, жеке ішкі бөрүлер) қонады. Одан кейінгі біршама алыс шеңберлерде әскери қолбасшылары йабғұ, шад, апа тархан және сыртқы бөрү қорғаушыларының 9 үйі тігіледі. Киіз үйлердің аралығы сырттан қарағанда өзара тұтас іспетті жалғасқан нығыз болып көрінеді. Осы шеңбердің сырт бойында қағанның қол астындағы негізгі түмендік, көрүг елшілері, қарауылшылары қоныстанады. Ордұның осындай құрылымы Балыққа жетіп орныққанша сақталады. Алысқа жорыққа аттанғанда Ордұ құрамы бірге ілеседі, ол соғыс майданына жақын жерде қоныстанады. Көне моңғол : ordun> ordu > орд (орда, сарай). |