TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[qaγan] қаған
Көшпелілер қоғамындағы әскери-саяси биліктің дара иесі, ең жоғары лауазым атағы. Көшпелі этностардың ең шағын рудан бастап үлкен тайпа, ірі-ірі одақтар көсемдерінің ұлығы, хандардың ханы. Қаған – Түрік Елін біріктірушісі, басқарушысы, дара билік иесі. Қаған – Көк Тәңірдің елшісі, соның құты, тегі, киесі саналады. Ол төрелік-биліктің тұтқасы, бұйрықтың ең ұлық иесі. Демек қағанның бұйрығы мен жарлығы, оның шешімдері бұлтартпастай орындауға тиісті міндетті істер, Тәңірі елшісінің үкімі деген сөз. Барлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерді басқарушы, оларға бұйрық жарлықтарды беруші жалғыз тұлға - қаған. Қағанның тікелей билігінде ič > іч деп аталатын орталық қанат болды, және «іч, төлес, тардұш» үш қанатты қаған өзінің йабғұ, шад, тархан, бұйрық, тегін бектері арқылы басқарды. Қағандық мұрагерлік жолмен ұласады. Қағанның ұлдарын мұрагер ретінде tegin> тегін деп атады. Қағанның зайыбы qatun> қатұн аталды. Қағанның қыздары qunčuy// küŋčüi> > құнчұй / күңчүй деп аталды. Қаған атану деген кіші қандарды яғни тайпа, одақ, ұлыстардың билік иелерін бір ғана билікке бағындыру, оларды өз төрелігіне мойынсындырып көндіру деген сөз. Қаған тағына отыру үшін де тайпа көсемдері qan> қан- дарды бағындыру керек-ті, сөйтіп олардың билігін бір қолға біріктіре білген қанды (йабғұ немесе тегінді) ayγïčïsï >айғұчы деп аталатын ұлық құрылтайда өз дәуірі мен билік жолына лайықты лауазымдық атақ беріп қаған деп жариялайды. Қағанның өз атымен қатар қаған тағына отырған ұлықтау атақтары болды. Аталмыш сөздің түп негізі әуелі *qan > хан деп аталды, одан *qan +*qan «хан-хан» деп атала келе > qanqan > qaŋgan > qaγan> қаған - «хан-хан, хандардың ханы, қаған» болып өзгерді. Бұл сөздің басқа бір нұсқасы «šaŋ+ju».
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Ел Етміш Білге қағанның (Тариат//Тэрх) екінші бітіктасы
1