TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[Kültegin] Күлтегiн
Мұның мағынасын зерттеушiлер күл- «даңқты, атақты», күл- «от, оттың күлi», көл- «теңiз, көл су» және т.б. түрде түсiндiредi. Түрiк бiтiктастарында кездесетін «Күлтегiн, Күлтұдын, Күлiчұр, Күлүг» секiлдi атаулардағы күл- сөзiнiң мәнi бiреу. Ол: « Ат, жылқыға, көл+iк // күл+iк, сәй-гүлiкке мықты берiк адам, атқа бекем ер» деген сөз. Әсіресе Күлтегiн жорық шабуылға қаншама рет аттанды, соншама сәйгүлiк тұлпарға мiнгенi туралы ескерткiште анық айтылған. Сондықтан Күл + сөзiне - тегiн, тұдын, чұр және т.б. атақтары қосылып этномәдени атауы қалыптасқан. Демек , Күлтегiн – «сәйгүлiкке берiк бекем ер, атқа мықты бекзада» деген сөз. Бітіктаста Күлтегiннiң жорыққа шыққанда мiнген аты, айғыр арғымақтары ерекше сомдалып айтылған. Оның себебi көшпелiлер үшiн ат-жылқының орны ерекше болған. Арғымақ жорыққа шыққанда, шабуыл кезiнде оның ең сенiмдi серігі, нағыз досы. Сондықтан да атты, арғымақты қастерлеу салты далалық көшпелілер үшін зор маңызға ие болды сол арқылы да далалық болмыс бай саналады. Түрiк Елінің жиһангер қолбасшысы. 685 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған.
Күлтегіннің мәрмәр бәдізінің басы. 732 ж. Моңғолия, Орхон өзені. «Көше цайдам» алқабы. (Д.Баярдың сызбасы).
Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Күлтегiн көшпелiлер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бiрi. Қытай деректерінде «Кюе-деле//Кюе-целе». Ол атақты «Модун, Шыңғыс, Баты» қағандарымен пара-пар, тiптi өзi қаған аталмағанымен Түрiк Елінің ірі қолбасшысы, күллi көшпелi этностарды көк байрақтың астына бiрiктiрушi, ұлы көшпелілер империясының сабақтастығын, дәстүрлі жорығын , жосынын жалғастыра бiлген кемеңгер ер, дара тұлға. Оның қылышына төтеп берген адам баласы ол заманда болған емес.
Күлтегін бәдізінің жаңғыртпасы ( Н. Базылхан, 1998ж.) Күлтегін бітіктасының жаңғыртпасы (Н. Базылхан, 1998ж.)
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық (680-692 ж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. Күлтегiн ұлы империя үшiн көптеген ру-тайпа, одақ, ұлыстарды бағындыруда ерекше ерлiгiмен көзге түсті. Ол 16 жасынан бастап оғыз, қытан, татабы, табғач (қытай), қырғыз, түргеш, соғды және т.б. елдерге жорық жасап оларды бағындыра бiлген баһадүр қолбасшы.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
27