TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[yabγu] йабғұ
Түрік Елінің этносаяси билігін ұстаушы сол, оң қанатты билеуші.
Қағаннан кейінгі билікті «йабғұ» біліп, әскери-әкімшілік басқару қызмет атқарған. «Йабғұ» атағын қағанның ұлдары немесе немере туыстарына берген. Бұл атақ «қағанның орынбасары» дегенмен пара-пар. Олай болса, Түрік империясының қағаннан кейінгі билікті йабғұ білген, қаған әр түрлі себептермен қайтыс болса оның билігін тұп-тұра йабғұ қолына алу міндетті қаған әулетінің тұлғасы. Қағанның билігі кезінде екі йабғұ töles yabγu > төлес йабғұ, tarduš yabγu> тардуш йабғұ болды, олар «төлес, тардұш» деген әр бірі 300 мың атты екі қанатты шад, апыт, тархан, бектер арқылы биледі. Кейбір зерттеушілер төлес деген оң қанат, тардұш деген сол қанат, ал йабғұ деген (Э.Шаванн. А.Н. Бернштам ) « оң қанаттың қағаны» деп қарастырады. Махмұд Қашғаридың «Диуани лугат-т түрік» сөздігінде yafgu> « қара бұхарадан шыққан қағаннан екі дәреже төмеңгі адамға берілетін атақ» делінген . Көне түрік тілінде yabγu // čabγu > йабғұ // чабғұ // жабғұ . Аталмыш сөздің түп төркіні анық емес. Алайда, көне түрік тілінде yap-// jap- түбірлі 1. «жасау, істеу, орындау», 2. «жақындау, көмектесу» деген семантикалық арнасымен қарастырсақ йабғұ- деген «қағанның орынбасары, қағанның көмекшісі» деген мағыналы болмақ.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Ел Етміш Білге қағанның (Тариат//Тэрх) екінші бітіктасы
12