Көне түрiк ғұрыптық кешендері Орталық Азияда өте мол кездеседі. Оның құрамында арнайы barïq > барық-кесене, қорған, мәтін жазылған bitiktaš > бітіктас, оның тұғыртасы немесе тасбақасы, bediz > бәдіздер (тасмүсіндер), balbal > балбалдар (саны 10 - 600 данадан астам) және т.б. құрамдас бөлшектері қамтылды. Осы кешендерде аза тұту, ас беру, жылдығын беру немесе аруаққа бағышталған сый-құрметтері үшін қоғамдық-әлеуметтік ерекше маңызды yoγï > йоғұ - жоқтау ғұрыптық жосын-жоралғылар атқарылған. Ел етміш йабғұ бітіктасы мәтінінде « Bilge atačïm yoγïŋ aluruγïŋïn qazγantïm – Білге Атачымның йоғұн, асын жасап өткіздім» деп кездеседі. |