Бұмын қаған (542 - 552 ж.) Түрік Елінің негізін қалаушылардың бірі. Қағандық ресми атағы : El qaγan > Ел қаған . Әкесінің аты: Тұбұ (Ұлық йабғұ). Өз аты: Елік ?. Бұмын қағанды 10 мың атты әскерді басқарған кезіндегі қытайша, T’u-men > Тумень Tümen/bašï/> Түмен атағымен «Тумэнь» деп жазды, одан Түрік империясының 100 мың атты әскерді басқарған Бұмын қаған атақты болған кезінде оны «Или кехань» деп хаттай бастады. Дәл осы кезеңде Түрік империясының ауыр қаруланған атты әскерлер саны 1 миллиондай болған еді, көне түрікше Бұмын қағанға El qaγan > Ел қаған ресми атағы да берілді. Хұн қағандығының «Тоуман» атауы да осы атаумен бірдей. Көне түрік т. tüm+on > tümen > түмен «оң мың» (tümen mïŋ «түмен мың, мың есе мың, бір миллион, көп, өте көп» [Divanü lugat-it-Türk, I.402]) |